Компания туралы
«МАСЛО-ДЕЛ» компаниясы, Қазақстандағы тамақ өнімдерін шығаратын ірі компаниялардың бірі.
Біздің философиямыз тұтынушыларымызға ең жоғары сапалы өнімдерді ұсыну және біздің өнімдеріміздің пайдалы және дәмді ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолжетімді болуына ұмтылу қағидаттарына негізделген.
«МАСЛО-ДЕЛ» компаниясы 25 жыл бойы жоғары сапалы және пайдалы сүт және май өнімдерін өндіріп келеді, ол бүкіл ел бойынша тұтынушылардың сеніміне ие және Қазақстан нарығында көшбасшы болып табылатындығын мақтан тұтады. Біз өз өнімдеріміздің сапасына сенімдіміз, себебі біз шикізатты таңдаудан бастап, сауда нүктелеріндегі сатылымға дейінгі логистиканы дұрыс ұйымдастырып, өндіріс пен сатылымның барлық кезеңдерін бақылаймыз.
Біз туралы сандар
-
24
филиал Қазақсан бойынша
-
180 000
тонна жылдық өндіріс көлемі
-
300
дайын өнім түрі
Біздің брендтер
Қамту картасы
«МАСЛО-ДЕЛ» компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында филиалдардың үлкен желісіне ие.
Біздің өнімдер өндірістің барлық нормалары мен ережелерін сақтай отырып шығарылады және сапаны қатаң бақылаудан өтеді.
Promka, Horeca және B2B арналарын қоса алғанда, 15000-нан астам сату пункттері «МАСЛО-ДЕЛ» компаниясының өнімдерін таңдайды. Біздің өнімдеріміз кәсіби серіктестер мен бизнес-секторды қоса алғанда, кең аудиторияның сеніміне ие екенін мақтан тұтамыз. Өз бизнесі бар немесе жеке тұтынуы үшін «МАСЛО-ДЕЛ» өнімдерін таңдайтындарға қосылыңыз.